Ағашқа ілінген құрбан
Жаңажылдық шыршаны шын мәнінде немен безендірген?
Бұл — күннің өзі аспаннан безіп, мәңгіге жоғалып кеткісі келетін үрейлі уақыт. Әлемді мұз құрсап, қар үйінділердің үстінде сұп-суық ажал асыр салатын шақ. Аң біткен ініне тығылып, адамдар болса үйден шықпай, қар астында қалған жеркепелерінде бүрсең қағып, ошақ түбінде бүрісіп, бір-біріне жабысып жылынудың қамын жасайды. Кептірілген қасаң етті сағызша шайнап, бұршақты суға салып жібітіп, талғажау етеді. Күн қысқарып, түн ерте кіреді. Көктегі Күн көрінбеуге айналды. Аспан да, айнала да бозғылт түске оранды. Қараңғылық қоюланып, аяз күшейді.
Әйтеуір, бір жақсысы, ежелгі заманнан бері ата-бабамыз күнге мадақ айтып, төбемізге қайта оралуына тілеп сыйынуды үйретті. Ақырғы талай күн туар, бірақ Ұлы Құрбандық барда, күткен күн келмей де қалар.
Біз шын мәнінде Солтүстік Еуропаның ежелгі салт-жоралары туралы білеріміз аз, дегенмен олардың кейінгі кезде қалай өзгергіске ұшырағаны туралы көбірек білеміз.
Немістер мен скандинавиялықтар арасында қысқы тоқырау күндері болған адамдардың жаппай құрбандықтары бірталай дереккөздерде жеткілікті түрде әрі егжей-тегжейлі сипатталған. 10–11 ғасырлардағы еуропалық шежіреші Мерсебургтік епископ Титмар (Диетмар) немқұрайлылық пен дәлсіздікке ұрынбайды, Зеландиядаi
Швецияның Уппсала ғибадатханасындаi
Егер біз өткенге тағы бес жүз жылдың тереңіне үңілсек, онда Тациттің «Германиясында»i
Культтердің тарихы олардың басында әрқашан сөзсіз алыпсатарлық болып табылады, өйткені ол сол кезде болуы мүмкін емес жазбаша дәлелдермен емес, кейінгі дәуірлерде жаңғырған мәліметтер арқылы қалпына келтіріледі.
Вотан, Один — неміс-скандинав мифологиясының жоғарғы Құдайы. Оның жетілген түрінде құдай пантеонның басшысы, бір көзді жауынгер әрі ақын, сиқыршы, данышпан. Один туралы негізгі миф — бұл оның күшті білім алуы және өзін барлық басқа құдайлар мен рухтардың басшысы, ең жоғарғы әке-құдайға айналуы жайлы аңыз.
Ғаламдық Ағашқа асылып, өзі найзаға түйреліп, жалғыз өзіне күш дариды. Тоғыз күнде әлде он екі күнде өліп, ол ақырында өте күшті тіршілік иесін тірілтеді. Әлемдік ағаштың аты Иггдрасиль — «Один асуы» деп аударуға болады («Игг», «қорқынышты», осы Құдайдың қасиетті есімдерінің бірі, «драсиль» — жылқы, көбінесе тыйым салынған ат ретінде қолданылған, яғни «Асылған ат»).
Саналы ғұмырын миф тарихын зерттеуге арнаған Фрейзер Вотанның шығу тегіне қатысты «құрбандық құдайларының» бірі екендігі туралы логикалық пайымдау жасайды, оны Фрейзер кезінде тас дәуірінің өркениеттік сатысында тұрған кейбір халықтар мен тайпалардың әрекетінен байқауға болады.
Құдайға арнап құрбандыққа адам шалды (көбінесе қатігез түрде), содан кейін оның дене мүшелері — сүйектері, бассүйектері, терілері ғибадат нысандарына айналады. (Ал еттері көбінесе ғұрыптық каннибализм мақсатында қолданылады). Әдетте құрбандыққа қарттық жеңе бастаған патша, патшаның ұлы немесе арнайы жеребе арқылы таңдалған құдіретті жауынгерлер тағайындалды.
Вотан күнтізбелік құрбандық құдайының схемасына өте жақсы сәйкес келеді. Жеребе арқылы таңдалған, (мысалы, оған берілген ғұрыптық наннан пісірілген бұршақ), тылсым тоғайдағы киелі ағашқа асылған, найзаға түйрелген және өз халқының батыр қорғанына айналып, көзін жарып жіберген жауынгер. Оның рухы күн сәулесін қарға тамған қып-қызыл қанына ұқсатып жерге төгілтеді, оның аққан көзі жауды аңдып, бақылап отырады, ал желге ұшқан сүйектері зұлымды үркітіп адамдарға жолатпайды.
Вотан — бұл қыстыкүнгі тоқыраудың құрбандық рухы, оның және бір есімі — Йольнир, «йолем» — бұл қақаған қыстың ортасы, осы уақыт Күн әлеммен қош айтысуға дайындалып жатады.
Сонымен, біз жаңажылдық шыршаны шарлармен, түрлі ойыншықтармен емес, шын мәнінде немен безендіргенін білдік.
Айтпақшы, Вотан туралы миф Солтүстік Еуропаның пұтқа табынушыларын христиандыққа мойынсұнуға үгіттеген христиан миссионерлеріне көп көмектесті. Ағашқа асылып тұрған және найза шаншылған Құдай? Таңғаларлық сәйкестік. Йоль рәсімдерінің бұзылмайтын дәстүрін бұзу үшін Иса қыстыкүнгі тоқырауда дүниеге келді деген аңыз пайдалы болды (бұл екіталай, өйткені ежелгі Климаттық Оптимум кезінде деi
Ежелдегі қыстыкүнгі қорқынышты құрбандық шалу мерекесі бүгінде көңілді Рождествоға айналды.
НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?
1. Гуревич А.Я. Избранные труды. В 4-х т.т. М-СПб, 1999.
2. Дряхлов В. В Священных рощах Вотана. Киров, 2002