Әйел еркіндігінің қысқаша тарихы

Әлемнің әйелдерге еркіндік бер(ме)уі және оның нәтижесі туралы

Көпшілікке эмансипация тарихы дегенде, бір кездегі еріксіз әйелдер заманауи гендерлік теңдікке тұп-тура жолмен, кернейлетіп жеткендей көрінеді. Шын мәнінде, бұл біз ойлағаннан қиын, ауыр, қайшылықты, соқтықпалы жол болған. Мыңдаған жыл бұрын әйелдер ел билеп, әскер басқарса, адамзат ілгері басқан сайын әйелдер қалтарысқа қамалып, көлеңкеге ығысып, «менінен» де, үнінен де айырыла берген. Әйелдер құқығы тарихы — салтанатты даңғыл жол емес, ықтиярсыз ымыра, «жоғарыдан» жасалған эксперименттер мен сол жолда күрескен әр адамның дербес ерлігінен тірнектей жиналған, бір ілгері, бір кейін ілбіп отырған үзік-үзік соқпақ.

Qalam-ның әйел құқығына арналған жобасында әйел еркіндігінің түрлі тарихи кезеңде қандай болғаны, феминизмнің қалай түрленгені, «езгідегі Шығыс әйелі» деген мифтің қайдан шыққаны және дәл қазір сол бітіспес күрес жолының қай тұсында тұрғанымыз хақында айтамыз. Назарыңызға ұсынып отырған қысқа таймлайн жұмысы мұнымен тоқтамайды: оған жаңа хикаялар қосылып, осы қозғалыстың батырлары, әйел затының өзіне тиесілі құқына нақты қалайша қол жеткізіп, одан қалайша ажырап қалып отырғаны жайлы үздіксіз баян жалғаса бермек.

Жоба гендерлік теңгерім қағидаттарын жүйелі түрде дамытып келе жатқан жетекші компаниялардың бірі — KAZ Minerals Тобының қолдауымен жүзеге асырылды.

Б.з.б. IV мыңжылдық — б.з.б. V ғасыр

Еркіндік пен тіршілік үшін күрес

Амазонка не скиф мергені; Кубаба құдайы бейнеленген барельеф, Кархемиш; Тийе ханымның мүсіні, Ежелгі Мысыр / Getty Images, Wikimedia Commons, The Metropolitan Museum of Arts
Амазонка не скиф мергені; Кубаба құдайы бейнеленген барельеф, Кархемиш; Тийе ханымның мүсіні, Ежелгі Мысыр / Getty Images, Wikimedia Commons, The Metropolitan Museum of Arts
«Содан бері сармат әйелдері ежелгі салтынан таймады: ерлерімен бірге, керек десеңіз, ерлеріне ермей-ақ атқа мініп саятқа шығады, жорыққа аттанады және ерлермен бірдей киім киеді.
...
Ал неке салтына келсек, мынадай жайттар бар: бойжеткен жауды жер жастандырмай күйеуге тимейді. Кейбірі сол салтты орындай алмаған соң, сол күйі қыздай қартайып өледі».

Геродот, Тарих, IV кітап

Ежелгі көшпенді дәуірде әйелдің орны мен жөні қандай болды дегенді көрсететін ең танымал мысалдың бірі — массагеттердің Томирис патшайымы. Антикалық дереккөздерге сүйенсек, парсының Ұлы патшасы Кирге қарсы әскер бастап шыққан Томиристің өзі екен. Бұл әңгімеде миф басым түсуі де мүмкін, әйткенмен сондай сюжеттің ежелгі заманның саяси ой-қиялында пайда болуының өзі маңызды. Мұның өзі әйелді билік субъектісі деп тану болған. Кейінгі тарихтың өзінде мұндайды сирек кездестіреміз.

Қола дәуірден бастап өркениеттердің көбінде әйелдердің субъект болу құқы отбасы, мұрагерлік және неке сияқты ерлер бақылауындағы жүйелерге тәуелді еді. Бұл әсіресе отырықшы аграрлық қоғамдарда анық байқалатын. Онда әйел ең алдымен ошақ иесі, ұрпақ жалғастырушы саналды: оның әлеуметтік рөлі ана болу, үй шаруашылығын жүргізу, туған-туыстың арасын жалғап отыру еді. Әйтсе де әдеттен тыс жағдайлар да болды. Айталық, Ежелгі Шумер мен Мысырда әйелдер өз мүлкіне ие болумен қатар, өз бетімен кәсіп қылып, мәміле-келісімге де өзі жүре алатын.

Көшпенділердің қисыны көбіне сәл басқа болған. Скиф, сақ, сармат әйелдері атқа қонып, ерлермен қатар жауға шауып, ел қорғайтын. Археологтар тапқан қорымдарда әйел сүйегінің жанына қару-жарағының қоса жерленуі сол жайдан хабар берсе керек. Ал ерлер жорыққа не алыс жайылымға мал айдап кеткенде, бүтін әулеттің мал-мүлкі мен жері әйелдің қолында қалды. Ежелгі көшпенді әйелдері көбіне өз алдына мал-мүлік ұстай алатын, түрлі шешім-байламға араласа алатын, ел басына күн туғанда атқа қонатын.

Питер Пауль Рубенс. «Томирис алдындағы Кир патшаның басы». Бостон бейнелеу өнері музейі, АҚШ / Wikimedia Commons

V–XV ғасырлар

Дін мен жаңа қағидалар

Христиандық және ислам секілді әлемдік діндер дамып, өркен жайысымен әйел еркіндігі діни құқық аясында дамыды. 7-ғасырда-ақ ислам әйелге жекеменшік, мирасқор болу және ажырасу құқығын кесіп берген. Әлбетте, одан теңдік орнап не иерархия жоғалып кеткен жоқ, әйтсе де әйел құқық субъектісіне айналды. Іс жүзінде мұсылман әлемінің түрлі аймағында айырмашылықтар болғанымен, сол құқықтың о баста бекіп, белгіленуінің өзі ұзақ мерзімге із қалдырды.

Ал дала империяларында бұл құқық әуелден бар көшпенділер салтына үстеліп, әйел құқының ерекше үлгісі қалыптасты.

Салт атты Рәзия сұлтан бейнеленген миниатюра. Рәзия сұлтан — Дели сұлтанатының билеушісі (1236–1240) / Wikimedia Commons
Салт атты Рәзия сұлтан бейнеленген миниатюра. Рәзия сұлтан — Дели сұлтанатының билеушісі (1236–1240) / Wikimedia Commons

Алтын Ордадағы әйелдер

Жошы ұлысында (Алтын Ордада), айталық, ортақ саяси билік деген құбылыс болған: хан жеке-дара ел билемейтін. Оның жанында қолында шынайы билігі бар бәйбішесі, хатуны болады. Миниатюраларда билеуші мен оның жұбайы саяси жұп ретінде қосарлы тақта қатар бейнеленетін.

«Бұл өлкеде әйелдерге деген ұлы құрметтің ғажайыбын көрдім. Әйелдер ерлермен қатар зор құрмет көреді екен».

Ибн Баттута, «Қалалардың таңсықтары мен сапарлардың ғажайыптары туралы тарту»

Кейде ерлі-зайыптылар діни функцияларды да бөлісіп атқаратын: тарихта хан ислам жамағатына, ал ханымы христиандарға бас болған жағдайлар белгілі. Көпконфессиялы империяда ең ақылды шешім сол болса керек. Ханшалар елші қабылдап, сырт елдермен хат алмасып, сауда тораптарын қадағалап, бақылап отыратын. Жошы ұлысы ханымдары Еуропа патшаларына, тіпті Рим Папасына хат жазған. Олар сауда-саттық дауларына араласып, саудагерлердің мүддесін қорғаған. Әлі күнге дейін зерттеушілер ортағасырлық дала империясындағы әйелдердің экономикалық билігіне таңғалумен келеді.

Әйелімен бірге тақта отырған Шыңғыс хан. «Өлеңмен өрілген моңғол тарихынан» миниатюра. Парсы елі, 15-ғасыр / DeAgostini / Getty Images арқылы
Әйелімен бірге тақта отырған Шыңғыс хан. «Өлеңмен өрілген моңғол тарихынан» миниатюра. Парсы елі, 15-ғасыр / DeAgostini / Getty Images арқылы
XVII–XVIII ғасырлар

Еуропадағы ағарту дәуірі. Еркіндік кімнің еншісі?

Олимпия де Гуж портреті, 18-ғасыр / Wikimedia Commons
Олимпия де Гуж портреті, 18-ғасыр / Wikimedia Commons

Француз әйел жазушысы әрі тұңғыш феминистердің бірі Олимпия де Гуж оған сес көрсете жауап қатты:

«Әйелдің эшафотқа шығар қақысы болса, мінберге де шығар қақысы болуға тиіс».

Әйткенмен өзі эшафоттан құтылып кете алмады: революция оны саяси әрекетіне бола жазалап, тіпті адвокат алу қақысын бермей, гильотинаға жіберді.

Ал мінберге шығатын құқық Батыс тарихындағы әйелдерге көпке дейін бұйырмады. Тіпті 20-ғасыр басында Еуропада, АҚШ штаттарының көбінде де әйелдер саяси лауазымға сайланғанды былай қойып, сайлауда дауыс бере алмады. Жанында уәкіл болып әкесі, бауыры, күйеуі не заңды өкілі, тіпті ұлы жүрмесе, әйелдер іс жүргізе алмады. Некелі әйелдер күйеуінің рұқсатынсыз баласына бас-көз бола алмады. Ол ол ма, әйелдерге білім алу құқығы берілмеді, берілсе де шектеу шаш етектен еді, ал мамандық атаулының көбіне әйелдер тіпті жолай алмады.

Сол дәуірлерде даладағы әйел субъектілігі мүлде басқа формада жүріп, ең әуелі ру жүйесі арқылы анықталды.

Еуропадағы ағарту дәуірі тұсында әлі күнге дейін еркіндік туралы айтқанда қолданылып келе жатқан тіл туған. Сол кезде адам құқығы жалпыға ортақ құқық болып бекіген. Әйткенмен жалпыға ортақ дегені шартты ұғым болып шықты. Әңгіме сол кезде дүрілдеп тұрған құлдық жөнінде де емес. Айталық, француздардың 1789 жылғы Адам мен азамат құқықтары туралы декларациясында әйелдер азамат санатына қосылмаған. Жан-Жак Руссо еркіндік пен теңдік туралы жаза тұра, әйелдің орны үйде, ол ер-азаматты тәрбиелеу үшін керек дейді.

«Әйелді ерге ұнасын деп, оған пайдалы болсын деп жаратқан».

Жан-Жак Руссо, «Эмиль немесе тәрбие туралы»

«Әйелдің орны — үйде» деген анти-суфражистік ашықхат. 1900 жыл / Getty Images

Қазақ қоғамындағы әйелдер

Көшпелі өмір салтында әйелге маңызды шаруаның бәріне қатысуға тура келетін. Әйел көштің басы-қасында жүреді, мал-жанға бас-көз болады, азық қорын бөліп, ауылдың ішкі экономикасын ұстап отырады. Ол біздің заманауи түсінігіміздегі теңдік емес, әлдебір функционал құзірет болса керек. Әйткенмен сирек те болса, кей жағдайда ол толыққанды билікке айналып кететін.

«Олар қарттарына асқан құрмет көрсетеді, ал әйелдері көп жұмыс істеуге мәжбүр болғанымен, олардың тұрмыстағы орны сарт әйелдеріне қарағанда маңыздырақ.
…Әйелдер үй тігіп қана қоймай, сол үйін жабатын киізді де басады. Оған қоса, әдемі-әдемі кілем тоқиды».

Аннет Микин, «Орыс Түркістаны. Азия бағы мен адамдары»

Қазақ тарихында әйел қол бастаған батыр да, ел бастаған билеуші де бола алатын. Айталық, Уәли хан қайтыс болғаннан кейін, оның бәйбішесі, Шоқанның әжесі Айғаным он жылдан аса уақыт бойы Орта жүз жерін билеп отырған: Ресей өкіметімен хат алмасып, мектеп пен мешіт құрылысын қадағалап, маңызды шешімдердің басы-қасында жүрген.

Бұл — қазақ қоғамындағы әйелдердің таптаурын рөлдер аясынан шығып кетіп отырғанының және оған жол берілгенінің мысалы.

Поль Лаббе. Киіз үй тіккен әйелдер. Жетісу, 1897 жыл / Gallica, Bibliothèque nationale de France
Поль Лаббе. Киіз үй тіккен әйелдер. Жетісу, 1897 жыл / Gallica, Bibliothèque nationale de France
XIX ғасыр аяғы — XX ғасыр басы

Батыстағы феминизмнің бірінші толқыны

Энни Кенни мен Кристабель Панкхерст — британдық суфражистер, Әйелдердің әлеуметтік-саяси одағының (WSPU) жетекшілері. Шамамен 1908 жыл / Wikimedia Commons
Энни Кенни мен Кристабель Панкхерст — британдық суфражистер, Әйелдердің әлеуметтік-саяси одағының (WSPU) жетекшілері. Шамамен 1908 жыл / Wikimedia Commons

Сол қозғалыстың қыспағымен 1893 жылы Жаңа Зеландия дүниежүзінде алғашқы болып әйелдерге сайлауда дауыс беру құқығын береді. 20-ғасырдың басында ол қатарға Австралия, Финляндия, Норвегия қосылады. Ұлыбританияда күрес жаппай акциялар мен азаматтық бассыздық формасында өтеді: суфражистер шеруге шығып, аштық жариялап, түрмеге де түсіп жатты.

Феминизмнің бірінші толқыны жоқтан бар болған жоқ, наразылықтан туды. Адам құқықтары баршаға ортақ десек, ол неге әйелдерге жүрмейді? 18-ғасырдың аяғында қойылған осы сұрақ 19-ғасырдың ортасына қарай ұйымдасқан қозғалысқа жетеледі.

Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия, Скандинавия елдерінде әйелдердің суфражизм қозғалыстары басталады. Суфражистер дауыс беру, меншік, білім алу, мамандық иелену құқықтарын және неке заңнамасын реформалауды талап етеді.

Шарль Шуссо-Флавьен. Плакат ұстаған британдық суфражист, 1919 жылға дейін түсірілген / Wikimedia Commons

XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басы

Орталық Азия

Орталық Азияда 19-ғасыр — суфражизмнен бұрын, империялық идеологиялар мен реформалардың қақтығысы болатын. Айталық, 19–20-ғасырлар тоғысында жәдид-реформаторлар «елдің келешегі қыз балаларға білім беруде» деп біледі. Газеттер шығып, жәдид мектептері салынып, еуропалық мәтіндер жергілікті тілдерге аударыла бастағанда әйелдің орны мен жөні де айтылып, талқыланды.

Түркістанның қаласы мен даласында мұның ең айқын көрінісі — мектеп еді. «Әйелдер білім алғаны жөн бе, жоқ па?» деген мәселе дін тұрғысынан да, әлеуметтік тұрғыда да даулы еді. Оқу — ру шегінен жырақтау, неке практикаларын қайта қарау, кештетіп күйеуге тию деген сөз. Әйелдердің сауат ашу мәселесі ерлердің билігі қай жерден тоқтайды деген мәселеге ұласып бара жатты.

Шарль Эжен Уифальви де Мезоковезд. Тәжік және өзбек қыздары. Ферғана, 1877 жыл / Gallica, Bibliothèque nationale de France
Шарль Эжен Уифальви де Мезоковезд. Тәжік және өзбек қыздары. Ферғана, 1877 жыл / Gallica, Bibliothèque nationale de France

Шығыс әйелі езгіде ме еді?

Нина Короткова, Мария Ворон. «Шығыс еңбекшісі, социализм құрылысшыларының қатарына қосыл…» плакаты, 1930 жыл / Duke University Libraries
Нина Короткова, Мария Ворон. «Шығыс еңбекшісі, социализм құрылысшыларының қатарына қосыл…» плакаты, 1930 жыл / Duke University Libraries

19-ғасырдың екінші жартысында Еуропа империялары шекарасын Солтүстік Африкадан Орталық Азияға дейін кеңейтіп жатқан тұста «Шығыс — әйелдер қауымының абақтысы» деген стереотип қалыптасып, орныға береді. Қайшылығы сол — бұл кезеңде Еуропаның өзінде әйелдердің сайлау құқығы да, заң жүзіндегі дербестігі де жоқ бола тұра, отаршыл баспасөз «езгідегі Шығыс әйелінің» жан аярлық жағдайы туралы бұрқыратып жазып жатты. Қалай десек те, әйелдің қоғамдағы жағдайы әлдебір өркениеттік ілгерілеу не артта қалудың ыңғайлы «дәлеліне» айналып кетті.

Алжирдегі француз әкімшілігі, Мысырдағы британ шенеуніктері, Түркістандағы Ресей өкіметі — бәрі осындай модернизация тіліне жүгінген. Қыздарға білім беру, «жабайы» практикаларға тыйым салу, әйелдердің пәренжесін сыпыру, қыздарды ерте жастан күйеуге беруді тоқтату — «өркениет тарату миссиясы» мен гуманизмнің бір бөлігі ретінде көрсетілді.

Кейін белгілі зерттеуші Эдуард Саид жазғандай, еуропалықтардың ойында Шығыс тең субъект емес, Батыстың қарама-қайшылығы — иррационал, артта қалған, тізгініне ие болар біреуге зәру деген түсінік қалыптасқан. Ол құрылымда әйел символға айналады: оның «бүркеніші» сырттан араласуға зәру екенінің дәлелі еді.

«...Ол ешқашан өзі туралы айтпайды, сезімдерін де, бар-жоғын да, өткен-кеткенін де білдірмейді. Оның атынан ер адам сөйлеп, уәкілдік қылатын».

Эдуард Саид, «Ориентализм. Батыстағы Шығыс туралы концепциялар»

«Шығыстың езгі көрген әйелдері» туралы миф шынайы өмірден емес, мифтік Батыспен салыстыру қажет болған соң туған. Соның көмегімен күрделі әлеуметтік құрылымдарды «ана жақта — дәстүр, мына жақта — еркіндік» деген моральдық схемаларға сайдырып жіберуге болатын. Сол үлгінің арқасында Батыс қанша уақыт бойы өз шектеулеріне көз жұма қарап келді.

XX ғасырдың басы

Үкілі үміт

Порция Уиллис Фицджеральд және Әйелдер бейбітшілік шеруінің өзге де қатысушылары. Бесінші авеню, Нью-Йорк, 1914 жылғы 29 тамыз / Getty Images
Порция Уиллис Фицджеральд және Әйелдер бейбітшілік шеруінің өзге де қатысушылары. Бесінші авеню, Нью-Йорк, 1914 жылғы 29 тамыз / Getty Images

Әйелдер құқығы тарихында 20-ғасыр үміттен басталады. Әйелдер қозғалысын енді елемей қою мүмкін емес еді. Бірінші дүниежүзілік соғыс өзгерістерді үдетіп жіберген. Миллиондаған ер-азамат ұрыс даласында жүргенде, зауыттарда, көлікте, медицина қызметінде олардың орнын әйелдер басты. Күні кеше ғана әйелдерге сайлау құқығын қимаған мемлекеттің күні енді әйелдер еңбегіне тәуелді болып қалды.

Ресей империясында 1917 жылғы Ақпан төңкерісі әуелде әйелдер шеруінен — Петроградтағы тоқымашылар ереуілінен басталған. Көп ұзамай Уақытша үкімет әйелдерге сайлау құқығын берді. Осман империясы мен Иранда модернизация жайы айтылғанда көбіне әйелдердің білім алуы мен қоғамдағы орны мәселесі де қатар атала бастайды. Дүниенің әр тарабында — Таяу Шығыста да, Қытайда да әйел «ескіліктен» ажыраудың символына айнала берді.

Орталық Азияда сол бетбұрыс ерекше сезілді. Аймақ империялар бақталасы, мұсылман реформизмі мен жаңа бас көтеріп келе жатқан ұлттық қозғалыстар тоғысында тұрған.

«Алаш» қозғалысындағы әйелдер

Жұртшылықтың жадында «Алаш» атауы әдетте ерлер есімімен байланысты жатталғанымен, бұл қозғалыста әйелдер мәселесі бағдарламаның маңызды бөлігі болатын.

Алашордашылар қыздарға білім беру — елді аман сақтаудың шарты деп білген. Тең жартысы сауатсыз болып отырған халық дербес бола алмайды деген ой сол кездегі публицистикада да, білім беру жобаларында да жиі айтылды.

«Қазақ елінде ер адам мен әйел теңді. Қазақи ерекшеліктер әйелдерді қорламайды, әйел келісімімен іске асады».

Қазақ елінің жарғысы

Коллаж. «Алаш» қозғалысына қатысушы әйелдер / Wikimedia Commons
Коллаж. «Алаш» қозғалысына қатысушы әйелдер / Wikimedia Commons

«Алаш» қозғалысында әйелдер баспа жобаларына атсалысқан, жаңа типтегі мектептер ұйымдастыруға қатысқан, қоғамдық пікірталасқа хат жазып, мәтін аударып, қайырымдылық бастамалары арқылы араласып жүрген.

Парадоксы сол — «Алаш» құқық, теңдік, ел келешегі деген ұғымдарды айта бастағанда, империяның өзі «болмақ па, қалмақ па» деген екіұдай жағдайға тап болды. Әйел құқығы мен теңдігіне қойылған шекараны қазақ әйелдерінің өзі бастап бұзды.

1903 жылы 15 жастағы Нәзипа Құлжанова Торғай облысының әскери губернаторына қалыңы беріліп қойған құдалықты бұзсын деп жүгінеді. Ол оқысам дейді. Губернатор араласып, қалыңмалды қайтартқызады да, Нәзипа курсты қатарының алды болып тамамдайды. Кейін өзінің де, өзгенің де еркіндігі жолында қыруар іс атқарды: қыздарды мәжбүрлеп күйеуге беру туралы жазды, қыздарды оқытуға ақша жинап, өзі де мұғалімдік қызмет етті. Нәзипа Құлжанованың ғұмыры жаңа әлемнің, еркіндік жолындағы күрестің символына айналды.

1920–1950 жылдар

Бұйрық бойынша еркіндік

Ыстанбұлдағы әйелдерге арналған алғашқы политехникалық мектеп. Оқушы қыздар сабақ барысында. 20-ғасырдың басы / Getty Images
Ыстанбұлдағы әйелдерге арналған алғашқы политехникалық мектеп. Оқушы қыздар сабақ барысында. 20-ғасырдың басы / Getty Images

20-ғасырдың ортасында әйел құқығы саяси идеологияларды таныстыратын көрме сөресіне айналды. Батыста Екінші дүниежүзілік соғыс әйелдерді зауыттар мен кеңселерге алып шықты, Түркияда Ататүрік реформалары орамалын сыпырып, университет дипломын алған әйелді жаңа ұлттың нышанына айналдырды.

Түркия әйелдері дауыс беру құқығына ие болып, жаңа мамандықтарды меңгеріп, қоғам өміріне араласа бастады, олардың пәренжесін сыпырғаны құпталып, кейде тіпті мәжбүрлеп те сыпыртып жатты. Бұл өзгерістер айтарлықтай жетістікке жеткізді: әйелдер білім алып, кәсіби мансап жолында өсіп, қоғамдағы бұрын өздеріне рұқсат етілмеген орындарды иелене алатын.

Сөйте тұра, бұл процестің астары да бар еді. Әйелдер жаңа, заманауи түрік ұлтының символына айналып, олардың сырт келбеті мен жүріс-тұрысы елдің ілгері басқанының дәлелі іспетті болуы керек еді. Нәтижесінде, «заманауи әйел» деген қандай болуы керек, ол қалай жүріп-тұруға тиіс дегенді де мемлекет анықтайтын болды. Өкімет сызып берген бейнеге сай келмейтін әйелдің үлгісі қоғам өмірінен шет қалып, әйел қауымының бір парасын шеттетіп тастады.

Латын әліпбиімен жазуды үйреніп жатқан әйелдер. Ыстанбұл, 1930 жыл / Getty Images
Латын әліпбиімен жазуды үйреніп жатқан әйелдер. Ыстанбұл, 1930 жыл / Getty Images

Басқаша айтсақ, әйелді азат етудің өзі «жоғарыдан» — мемлекет өзі салып, шет-шегін белгілеп берген тар ғана жолмен жүрді. Әйелдерге құқық берілгенімен, олардың саяси үні, тұлғалық қасиеттерін таныту тәсілдері көбіне идеология шегінің аясында қалды.

Бұл жалғыз Түркияға не мұсылман қоғамдарына ғана тән сипат дей алмаспыз. Дүниенің көптеген елінде социалистік, отаршыл және постколониал үкіметтер әйелдер құқығын прогрестің ресми символы ретінде пайдаланғанымен, әйелдердің дербес құқығын іс жүзінде пайдалану жолдарын реттеп, шектеп отырған.

ХХ ғасыр

КСРО-дағы әйел құқығы

Өзбек қыздары КСРО Жоғарғы Кеңесі сайлауында. Ташкент, 1937 жыл / Getty Images
Өзбек қыздары КСРО Жоғарғы Кеңесі сайлауында. Ташкент, 1937 жыл / Getty Images

КСРО-дағы әйел құқығы

Кеңес одағында өзіндік бір ерекше мемлекеттік феминизм болатын: әйел құқығы партияға адалдық пен еңбек мобилизациясына айырбасталды. Ресми тұрғыда Кеңес жүйесі әйелдерге Батыс Еуропадағы әйелдердің қолы жете қоймаған еңбек ету, білім алу, саясатқа араласу құқықтарын берді. 1918 жылы-ақ РСФСР Конституциясы сайлауда дауыс беру құқығы адамның жынысына қарамайды деп бекітіп қойған-ды. Ал 1920 жылы жаңа үкімет сол заман үшін теңдессіз қадам жасап, жасанды түсікті заңдастырды.

«КСРО-да әйелдерге шаруашылық, мемлекеттік, мәдени және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында ерлермен тең құқық беріледі».

1936 жылғы КСРО Конституциясы

Еңбек нормасының орындалуын талқылаған әйелдер. КСРО, 1940 жылдар / Getty Images
Еңбек нормасының орындалуын талқылаған әйелдер. КСРО, 1940 жылдар / Getty Images

Айта кетерлігі, Кеңес одағы контексінде сол құқықтардың көбі — әйелдердің сайлау құқығы немесе әйелдердің саясатқа араласу құқығы аты бар да, заты жоқ болғанын есте ұстаған маңызды. Партия нұсқаулары мен ресми идеология шегінен тыс саяси еркіндік пен таңдау ерге де, әйелге де бұйырмаған.

Алайда 1930 жылдардың ортасына қарай ресми риторика өзгерді. 1936 жылы жасанды түсікке тыйым салынып, ажырасу қиындатылып, көпбалалы аналар марапаттала бастайды. Әйелдер бұрынғыдай ресми түрде «тең» болғанымен, ендігі жерде олардың теңдігі демографияға тәуелді болды. Ойсырата адам шығынына батырған соғыстан кейін дүниеге бала әкелу майдандағы ерлікке парапар еді. 1944 жылдан бастап он және одан көп бала туған әйелдерге «Батыр ана» деген атақ беріледі.

Бір қызығы, әйелдер жаппай еңбек нарығына жұмылғанымен, үйдегі жүктеме қайта қарастырылмады, үй іші мен отбасы шаруасы ер мен әйел арасында тең бөлінген жоқ. Балабақша, бөбекжайлар болды, бірақ халықтың қажетін толық өтемеді.

Соның өзінде әйелдер Жоғарғы Кеңеске депутат болды, өндірісті басқарды, ғылыммен шұғылданды. Алайда партиядан дербес әйелдер қозғалысы болған жоқ. Революциядан бұрын Ресейде феминистер үйірме құрып, журнал шығарып жатса, енді «әйел мәселесі» шешіліп қойған деп есептелді, демек, оны бөлек күн тәртібіне шығару артық қана емес, күмәнді көрінетін.

Мемлекеттік феминизмнің, яғни автономиясы жоқ эмансипацияның негізгі принципі де осы еді. Әйел кім болса да, оның жетістігі режим дұрыстығын растап отырса болды.

Халықаралық саясатта кеңес тәжірибесі «буржуаз Батысқа» қарсы қойылатын. Франциядағы әйелдер толық сайлау және сайлану құқығына 1944 жылы, ал Швейцария тіптен 1971 жылы әрең жетіп жатқанда, КСРО отыз жылға жуық қағаз жүзіндегі тең құқық тәжірибесін көрсетіп жүрген. Алайда ресми теңдік — билікке қолжетімділік тұрғысынан да теңдік деген сөз емес еді. КСРО ыдырағанға дейін жоғары партия басшылығында әйелдер болған емес.

1967 жыл

Теңдікке жеткізер 42 километр

Катрин Швитцер Бостон марафонында. 1967 жылғы 19 сәуір / Getty Images
Катрин Швитцер Бостон марафонында. 1967 жылғы 19 сәуір / Getty Images

Идеологтар «дұрыс» эмансипация қандай болады деп дауласып жатқанда, ең бір тосын тұстарда, мысалы, спорт алаңдарында әйел еріксіздігі ұғымының шегі сынға түсіп жатты. Көптеген спорт жүктемесі сияқты, марафон дистанциялары да ұзақ уақыт бойы әйел ағзасына қауіпті саналып келген.

Алайда 1967 жылы америкалық Катрин Швитцер Бостон марафонында толық дистанцияны — 42 шақырымды бастан-аяқ жүгіріп өткен тұңғыш әйел болды. Марафонға тіркелу үшін ол жынысын жасырып, «К.В.Швитцер» деп аты-жөнін толық көрсетпей жазылады. Дистанцияның орта тұсында ұйымдастырушылардың бірі әйелді байқап қалып, тарпа бас салып, старт нөмірін жұлып алып, жарыс жолағынан итеріп шығармақ болады. Әйткенмен жолақта жүгіріп бара жатқан ерлер қарап қалмай, Катриннің серігі мен өзге қатысушылар ұйымдастырушыға жабыла кетіп, оны ығыстырып жіберіп, бойжеткеннің жарыс жолын жалғастыруына сеп болады.

Катрин мәреге жетті, ал жолдағы ұйымдастырушының қылығы таспаға түсіп қалып, өзгеріс жолындағы кедергінің символы ретінде жер жүзіне тарап кетті. Бес жыл өткен соң әйелдерге Бостон марафонына ресми қатысуға жол ашылды, ал кейінірек әйелдер марафоны Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді.

ХХІ ғасыр

Жаңа нормалар мен «әйнек төбелер»

21-ғасырдың басында әйел құқықтары толық институционалданып болған сияқты көрінді. Әлем елдерінің көбінде әйелдерге сайлау және сайлану құқығы берілді, білім алу құқығы мен теңдік (кейде ресми ғана) заңда бекітілді. Көп аймақта қыз балалар бұрын-соңды тарихқа қарағанда ұзағырақ оқып жүр, бірқатар ел университеттерінде әйелдер үлесі 50 пайыздан асады, әйелдер үкімет басында, корпорациялар мен халықаралық ұйымдарды басқарып отыр. Соңғы онжылдықтарда медицинаға қолжетімділік кеңейді және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жүйелі заңдар қабылданды.

Дегенмен статистика біртекті деуге келмейді. Еңбек ақысындағы гендерлік алшақтық тіпті аса дамыған елдер экономикасында да сақталып келеді. Әйелдер бұрынғыдай ақысы аз төленетін секторларда жұмыс істеп, жоғары басшы позицияларға аз тағайындалады және ақы төленбейтін үй шаруасының көп бөлігін мойнына алған. Ал еңбек нарығы кейбір елдерде әлі күнге дейін «дәстүрлі әйелдер мамандығы» және «дәстүрлі ерлер мамандығы» деп бөлінеді.

Науқасқа ота жасаушы әйел хирург ассистенттерімен бірге / Getty Images
Науқасқа ота жасаушы әйел хирург ассистенттерімен бірге / Getty Images
KAZ Minerals ұсынған фото
KAZ Minerals ұсынған фото

Қазір карьерлерде ауыр техниканы тізгіндеп жүрген әйелдер — үйреншікті көрініс, жаңа норманың көрінісі. Олар ғана емес, әйелдер көп жыл өздерін жолатпай келген басқа да ондаған мамандықты меңгеріп отыр. Ерік болса, жүйелі қолдау болса, өзгеріс осылай жүре бермек.

Өйткені әйел еркіндігінің тарихы — тең мүмкіндікті дәстүрге төнген қауіп деп емес, даму ресурсы деп қарастыруды үйренудің тарихы. Әр жаңа ереже таңдау кеңістігін кеңейткен сайын, шекаралар жылжып, ысырыла түседі. Оған енді бірді-екілі адамның ерік-жігері емес, ортақ жауапкершілік сеп болады. Сөйтіп, жекелеген шешімдер үлкен тарихтың бір бөлшегіне айналады.

Мамандық таңдау құқығы

Алайда бұл шектеулер нақты кейстердің арқасында біртіндеп жойылып келеді. 2018 жылы Қазақстанда KAZ Minerals компаниясы консерватив саналатын тау-кен өндіру саласы үшін тосын жоба бастады: әйелдерге карьер қазатын алпауыт техниканы меңгеру туралы ұсыныс жасалды.

Бұл бастама кәсіби шектеулер мәселесін ел деңгейінде көтеруге мүмкіндік берді. Компания реттеушілерге нормаларды қайта қарауды ұсынып, нәтижесінде 2021 жылы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы аясында ондаған жылдар бойы әйелдердің жұмыс істеуіне тыйым салынып келген «әйелдерге тән емес» мамандықтар тізіміне түзетулер енгізілді.

KAZ Minerals ұсынған фото
KAZ Minerals ұсынған фото
Коллаж / KAZ Minerals ұсынған фото