Өзінің дәрістерінде ортағасырлық тарихшы Ирина Варяш 800 жылдай мұсылмандар Испанияны иемденіп, оны орта ғасырларда Еуропаның ең дамыған және гүлденген аймақтарының біріне айналдырғаны туралы әңгімелейді. Бірінші дәріс арабтардың Испанияны жаулап алуына, исламдық әл-Андалустың көтерілуі мен құлдырауына арналған.
Кез келген еуропалық тілде қант қосылған кофе сұрап, алгоритмді талқылауды, алгебрамен айналысуды ұсынып, мақта матадан бірдеңе сатып алып немесе бір нәрсенің калибрін атап көріңіз — сонда арабизмдерді қолданбауыңыз мүмкін емес. Қалай болғанда да еуропалықтар шыққан жері әртүрлі осы сөздерді өте ертеде — орта ғасырларда араб тілінен қабылдаған. Арабизмдер бәрінен де испан тілінде көп — бүкіл лексиканың 10%-ы, олар португал және француз тілдерінде, тіпті ағылшын мен неміс тілдерінде де аз емес. Еуропалықтардың сөздік қорына бүгін кіріп жатқан арабизмдерден айырмашылығы — орта ғасырларда алынған кірме сөздер баяғыда-ақ «өзінікі» болып кеткен және олардың шыққан жерін сол тілде сөйлеушілер әрдайым біле бермейді. Оларды күнделікті өмірде көптеген ғасыр бойы пайдаланып келеді.
Еуропалықтар бір кездері араб тілді мұсылмандармен тығыз әрі бейбіт қатар араласқаны сондай, олардың сөздерімен жемістерді, жастықты, құмыраны, лауазымдарды, тіпті «сәттілікті»i
Қазіргі заманғы батыс өркениеті тамырын Ерте Жаңа заманнанi
Алайда одан да гөрі маңызды жайт — біз Еуропада бір-бірімен қоян-қолтық ғұмыр кешкен адамдар: мұсылмандар мен христиандар туралы ойлауды да, оның үстіне айтуды да мүлдем әдетке айналдырмағанбыз. Шынын айтқанда, олардың тәжірибесін, тағдырлары мен білімдерін бірге қосып Мұсылмандық Еуропа деп атаған жөн. Осы заманғы әдет мұсылмандық әлемді дүниенің жорамалды картасында еуропалықтардан шексіз алысқа орналастыруға мәжбүр етеді. Алайда шындығы сол, ислам еуропалық кеңістікте өте тез орныққан болатын, ерте Орта ғасырдың физикалық географиясына назар салсақ, мұны оңай анықтауға болады.
Өздеріңіз пайымдаңыздар, Ислам дінінің бастау алғанынан бері елу жыл да өтпей жатып, мұсылмандар Константинополь қабырғасының түбіне келді, содан кейін Сицилияға, Византиялық Африкаға барды, ал қырық жылдан кейін Батыс Еуропаға, Испания жеріне де келіп жетті. 8 ғасырдың басында олар Дамаскіде астанасы бар қомақты мемлекет құрды, византиялық флотпен бәсекелесе алатын флот тұрғызды. Оның үстіне еуропалықтар үшін түбегейлі маңызы бар өркениеттік кеңістіктің сол кезде Еуропа емес, Жерорта теңізі болғанын да ескеру керек және де оның басым бөлігі тарихи өлшемдер бойынша өте жылдам қарқынмен шығыстағы Киликияданi
Сицилия мұсылмандарға 9 ғасырда түпкілікті бағынды. Осы жерден олар оңтүстік Италияға шапқын жасап, Неапольге жетті де, Римге қатер төндірді, екі жыл бойы Рим папасы оларға алым-салық төлеуге мәжбүр болды. 11 ғасырда бұл жерде нормандар орнықты, бірақ аймақтың Фатимидтедіңi
Әл-Андалустың көтерілуі
Араб және латын шежірелері, ал олардың соңынан романсеро1
«... Тек жазуды ғана көрді:
«Жолығасың, патша, қасіретке!
Бұл ғимаратқа кірген адам
Туған өлкесінің түбіне жетеді».
Бір қабырғадан шығарылып алынған
Тағы бір қазыналы сандық бар еді.
Онда жалаулар болды. Әр жалауда
Бейнеленген
Жүздеген мавр — тірі секілді,
Олардың қылыштары жалаңаш,
Аттары жүйрік, ойнақшып тұр,
Салт аттылардың жүздері қорқынышты.
Арбалеттер, катапульталар —
Зәреңді ұшыратын лек»
Басқа христиандар король Родригоның жеңілу себебін граф Хулианның қызына деген оның арсыз махаббатынан іздеді, аңызға сәйкес Хулиан Африка жерлерінде билік өкілі болған және қызының төгілген абыройы үшін кек алуды мақсат тұтып, маврлардың Испанияға бұғаз арқылы өтуіне көмектескен.
Әдетте жиі орын алатындай, аңыздың ойдан шығарылған арқауы мен бұлтаңдарының артында тарихи оқиғалар тасаланған. Хижраның3
Тек түбектің солтүстіктегі таулы өлкелері ғана тәуелсіздігін сақтап қалды, оның негізгі себебі оңтүстіктің адамдарын осы бір суық әрі құнарсыз аумақтар қызықтырған жоқ. Аман қалған вестгот ақсүйектері бұғаздың ар жағынан келгендерге қарсы тұрғысы келген бірден бір елеулі күш еді. Ол баспананы Астурияныңi
Ислам тарихының сегіз ғасыры Еуропаның ең батыста жатқан бөлігінің саяси, этникалық, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени бет-бейнесін қатты өзгертті. Басқа жайттарды қоспағанда, Испания мұсылман әлемінің жетістіктерін «латындардың»4
Пиреней түбегінде мұсылмандар құрған өркениет әл-Áндалус деп аталды,i
Әрине, сегіз ғасыр бойы исламдық-испандық өркениет түбектің картасында әртүрлі орындарды алған түрлі саяси құрылымдардың аясында тіршілік құрды. Әуелі Иберия жерінің басым бөлігін қамтыған Араб халифатының5
Әрине, әл-Андалус ең әуелі дар аль-исламның — исламның және ислам дінін қабылдаған әлемнің бір бөлігі болды. Бірақ метрополиядан алшақтықтың өз саяси артықшылықтары болатын және тіпті әміршілік, яғни билеушінің өкілдігі болған кезеңде де Испанияның ішкі істерінде еркіндік берілетін. Әл-Андалус түбектің саяси аренасындағы елеулі ойыншы болды, әрі сонымен қатар оның Халифатпен тығыз байланысы болатын. 8 ғасырдың ортасына дейін бұл жердегі билік сириялықтардың, арабтар мен берберлердің түрлі рулық қауымдарына тиесілі болды, олар бір-бірімен біресе одақтасып, біресе жауласып отырды. 750 жылы Халифатта билеуші Умәйядтар әулеті тағынан тайдырылды да, билікке Аббасидтерi
9 ғасырда мұсылмандар Балеар аралдарын қосып алды да, бағдаттық басқару жүйесін енгізді, ол сол заман үшін озық жүйе болатын және қаржы ведомствосы мен құжатхана шеңберіндегі барлық басқару аппаратын орталықтандырудың биік дәрежесі болып саналды.
929 жылы Кордованың тағына III Абд ар-Рахман (912–961) отырды да, халиф әрі хақ мұсылмандардың ханзадасы деген атақты қабылдап, есіміне «әл-Насыр ли-дин и Илах»i
Әл-Насыр содан бір ғасыр бұрын II Абд ар-Рахман Византия императоры VII Константин Багрянородныймен ресми қарым-қатынас орнату арқылы бастамашы болған дәстүрді қайта жаңғыртты. Константинополь мен Кордова бір-біріне елшіліктері мен сый-тартуларын жіберді. Кордова сарайында герман императоры I Оттонныңi
Ақыр соңында дипломатиялық миссияны орындағаннан гөрі дінсіздердің қолынан азап көріп өлу идеясы рухтандырған Горце монастырының аббатыi
Иоанн мен оның серіктері Кордова маңындағы сарайда, сән-салтанат пен құрметке бөленіп тұрып жатты, бірақ олардың істері мүлде алға басқан жоқ. Халиф монахқа біресе мұсылмандардың әдет-ғұрпы мен мінез-құлық ережелері туралы айтып, халифпен сөйлескен кезінде абай болуын өтінген ғалым иудейді, біресе халифқа тек сыйлықтарын ғана табыс етіп, мемлекет басшысының хатын жасырын қалдыруды өтініп, онысын христиандардың барлығына мұның зиян келтіруі мүмкін екенімен түсіндірген христиан епископын жібереді...
Содан кейін жексенбінің бірінде, аббат шіркеуге ғибадат етуге бара жатқанда оған халифтың өзінің хаты табыс етіледі, онда оған да, оның барлық діндестеріне де халиф қорқынышты жаза тарттырамын деп қоқан-лоққы көрсетіп, ойынан қайтуға үгіттеді. Бәрі бос әуре еді: Иоанн халифқа жауап хат жолдап, өзіне король жүктеген елшілік міндетін соңына дейін орындайтынын және өзіне қинайтын және өлімші ететін азап қатері төнсе де хатты табыс ететінін айтты. Ақырында, халиф Иоанннан осы түйінді мәселені қалай шешуге болатынын сұрады да, монах Оттонның жазбаша түрдегі жаңа өкімдерін алу керек деп жауап берді.
Сонымен Германияға араб пен латын тілдерін білетін епископ Ресемунд бастаған тағы бір елшілік жөнелтілді. Оны король жақсы ниетпен қабылдады да, корольдің жаңа елшісі Верденнен шыққан Дудомен бірге Кордоваға жаңа сый-тарту мен өкімдерді әкетті: халифқа бірінші хатты тапсырмау, сый-тарту ұсыну және одақ құру. Халифаттың астанасына екінші елшілік келіп жеткеннен кейін әл-Насыр ақырында елшілердің барлығымен кездесіп, өзінің солтүстіктегі алыс көршісімен одақ құра алды. Алғашқы қабылдаудан кейін халиф Иоаннмен әңгіме-дүкен құру үшін тағы кездесті де, мұсылман әміршісі христиандық аббатпен ақыл-ой, билік, даңқ, әскери өнер, байлық, жетістіктер және Оттонның осал жақтары туралы сөйлесті. Аббаттың пікірінше, Абд ар-Рахман Германиядағы саяси істер туралы өте жақсы хабардар болып шыққан.
Түбектің және Пиренейдің ар жағындағы жерлердің христиандық билеушілерімен халифаттың дипломатиялық қарым-қатынасы тұрақты болатын. Барселона графы да, Прованс графы да, Каркассон вице-графинясы да, Памплона король әйелі де халифтың жебеуіне мүдделілік танытып, Кордовамен одақтастық қарым-қатынасқа ұмтылды. Халиф Наварраның король әйелі Тодаға оның өз құқықтарын және ұлының Наварра тағына деген құқығын қалпына келтіруге көмектесті. Халиф король II Рамироның және оның аға-інілері Ордоньо мен Санчоның арасындағы қақтығыста делдал болды. Бұл орайда Абд ар-Рахман солтүстіктегілердің Кордоваға алым-салық төлеуін және вассалдық ант беруін талап етті.
Халиф Кордоваға таңдай қақтырарлық сәулет ескерткіштерінің тұтас бір тобын қалдырды, өкінішке орай, олардан бүгінгі күнге дейін шамалы ғана сақталған. Олардың ішіндегі ең атақтылары — Кордова мешіті және қаланың сыртында орналасқан Мадинат аз-Захра сарай кешені. Ол халифтың резиденциясы болды, оған жеке жатын бөлмелер, сарайдың үй-жайлары, шаруашылық жайлар, шенеуніктердің жұмыс жайлары кіретін және ол нағыз әкімшілік қала болатын. Араб тарихшыларының мәліметтері бойынша, әз-Захраның іргесі 936 жылы қаланған және оның құрылысына қолөнершілердің тұтас бір әскері ат салысқан. Жабынқыш пен әрлеу материалдарын санамағанда, күн сайын алты мың кірпіш құйылатын. Төрт мың ұстын қажет болды, олардың басым бөлігі Карфагеннен, ал қызғылт және жасыл мәрмәрдан жасалған кейбіреулері Ифрикиядағыi
Сарай мен Үлкен Кордова мешітінің сән-салтанаты бізге Еуропа мен Шығыстың дәстүрлері бойынша жасалған өнердің таңғажайып үлгісін паш етеді. Оларды ұштастыра білу қабілеті, әрине, әл-Андалустың аса мықты жағы еді.
Кордова халифатының соңғы жарқын билеушілерінің бірі Умәйядтар руына жатпайтын, бірақ әлсіз халифтардың қолынан билікті асқан ептілікпен алып алған патша сарайының адамы Ибн Әби Әмір болды. Бір қызығы, оның сарайдағы мансабында халифтың баск нақсүйері Субхтың қолдауы ерекше рөл атқарған. Субх (Таң шапағы) күң болғанымен, мұрагерлердің анасы ретінде ықпалы зор болды. Жиырма жыл бойы халифаттың саяси өміріне араласқан осы керемет әйелдің алған білімі қомақты болатын: ол ән салуды үйренген, поэзия мен құқықтануды жақсы білген.
Ибн Әби Әмір әскерді қайта құрды: ол енді тайпалық және аумақтық қағидат бойынша емес, тек қару-жарақтың түрі бойынша қалыптастырылды, жалдамалы христиан жасақтарының саны да көбейтілді. Үздік стратег бола тұрып Ибн Әби Әмір әл-Мансұр би-ллах «Аллаһтың рақымы түскен жеңімпаз» деген атқа ие болды. Оның Африкада Фатимидтерге қарсы тұрып, христиандық аумақтардағы толып жатқан жорықтардан үлкен жеңістермен және мол олжамен оралуға шамасы жетті. Христиандық шежірелер мен Романсеро Альманзордың жойқын шабуылдары туралы, Галисияға қарсы 997 жылғы науқан барысында Әулие Иаков Компостель ғибадатханасыныңi
Бәрін билеп-төстеген патша қызметшісі, одан кейін оның ұлы да қайтыс болғаннан кейін Кордованың даңқы да біртіндеп сөнуге айналды да, тайфалар дәуірі басталды, олардың ішіндегі ең әйгілісі — Гранада әмірлігі болды. Тайфалар кішігірім саяси құрылымдар болды, христиан мемлекеттерімен одақ іздеуге кіріскен әмірлер арасындағы алауыздықтар салдарынан үнемі өз кейпін өзгертетін, енді жиі-жиі олардың вассалына айналып, салым төлеп отырды. Мұсылмандардың алтыны сол кездегі христиандық билеуші үйлердің кірісінің басты тармағы болды. Сондықтан христиан корольдері мен графтары да әмірлерді әскери қарсыластары емес, өздеріне алым-салық төлеушілер, ал кейде тіпті туысқандары ретінде көргенді артық санады. Мұндай жағдай, әрине, мұсылмандар мен христиандардың тарапынан саяси жалтарысқа, дипломатиялық ойындарға үлкен мүмкіндік беретін.
Гранада Әмірлігі
13 ғасырда Пиреней түбегіндегі саяси күштердің орналасуы айтарлықтай өзгерді. Бұрын мұсылмандарға тиесілі болған байтақ жерлер ауқатты қалаларымен, базарларымен, гүлденген бақтарымен және құнарлы жайылымдарымен бірге Кастилияның, Арагон мен Португалияның христиандық корольдерінің қол астына өтті. Кордова, Севилья, Валенсия, Мурсия тайфалары тіршілігін тоқтатты... 14 ғасырдың басында Альмерия мен Малаганың жерін өзіне қосып алған Гранада әмірлігі ғана Кастилияның вассалы ретіндегі бодандықты қабылдап, өзінің түбектегі христиан көршілері мен Солтүстік Африкадағы мұсылман көршілерінің қайшылықтарын пайдаланып, іс жүзіндегі тәуелсіздігін сақтап қалды.
Шынында да Гранада жіліктің майлы басындай болатын, бірақ аналардың да, мыналардың да қолына түспей қойды. Оның үстіне Еуропа мен Сақара аралық саудадағы дәл осы делдалдық қызметі, бай кемежайлары, сауда бойынша ауқымды байланыстары, тоқыма өндірісі баршаның көз тіккен дүниесі болды.
Әл-Андалустың кейінгі тайфалары сияқты Гранада әмірлігі де ең жоғары дәрежеде төлтума андалусиялық немесе мұсылмандық-еуропалық құбылыс болды. Ол тұтастай және түгелдей исламдық Батысқа тиесілі болды. Оның билеушілері өздерінің шыққан тегін түбекке келіп түскен алғашқы араб отбасыларынан бастау алады деп санады, ал өмір салты бойынша андалус қауымдастығына жататын еді: олар араб тілінің жергілікті диалектілерінде және жергілікті роман тілдерінде сөйледі, еуропалық сән бойынша киіне алатын; саяси тұрғыдан өздерінің христиан көршілерінің тәртіптерін бағдарға алды: мысалы, Гранада әмірінің мәртебесі іс жүзінде халифтан гөрі патша мәртебесіне көбірек ұқсады; және де олар тек еуропалық вассалдық байланыстарi
14 ғасырда Гранада Еуропаның ең көп қоныстанған елді мекендерінің бірі болып саналды. 1311 жылы папа Климентке келген арагондықтар онда 200000 адам тұрады дегенді айтқан, бұл, әрине, асырып айтқандық еді, себебі Гранада олардың қиялындағыдан асып түскен. Шығыс саяхатшылары оның сұлулығына және Дамаскіге ұқсайтынына тәнті болды. Сірә, 14–15 ғасырларда қала шамамен 170 гектар жерді алып жатқан, ал оның халқы 50 мың адамға жеткен болар. Түбекте римдіктердің тұсында-ақ белгілі болған үлкен қалалар Сарагоса, Кордова мен Толедодан өзгеше, Гранада мұсылмандар құрған орталық болатын.
Оның Альхамбраның жоғарғы жағынан төменгі жағына қарай жүретін екі қабырғасы болған. Осы бекіністердің ішінде 16 ғасырға дейін ескі кварталдарды — Алькасаба Кадима мен еврей кварталы Худерияны қоршаған 11 ғасырдағы қабырғалар сақталған.
Гранада өзінің көптеген сипаттары бойынша әдеттегі испан-мұсылман қаласы еді. Оның орталығы — Мәдина Дарроның сол жағалауындағы жазық жерлерде орналасты. Кең көшелер басқа ғимараттар жапсарлас салынбаған Үлкен Мешітті айнала орналасты. Мұнда діни сабақтар оқытылатын үй-жайлар, алқа билердің отыратын орындары мен дәріханашылардың дүкендері болды. Мешітке жақын жерде сыныптары, намаз жайлары мен оқушыларға арналған бөлмелері бар мектеп тұрғызылған еді. Мәдинада базарлар көп болған, олардың ішіндегі ең белгілісі — сән-салтанатты заттарымен және маталармен әйгілі, өз қабырғалары болған Қайсарийа. Оның ішіндегі жабық дүкендер бүтіндей бір көшелер құрып тізілетін, ал түнде ол он қақпамен жабылатын.
Дарро өзенінің сол жағалауында тауар биржасы және шетелден келгендерге жалға берілетін қоймалары бар махалла орналасатын. Махалла Қайсарийамен және Үлкен Мешіт алаңымен жалғасып жататын. Қалада осы көпірден басқа тағы төрт көпір болды.
Гранада христиандар оңтүстікке қарай ілгерілеген сайын үлкейе берді де, оның шет-шетінде солтүстіктен қоныс аударған мұсылмандар тұратын жаңа махаллалар қаптап кетті, мысалы, Альбайсин мен Антекеруэла махаллалары осылай пайда болды. Төменгі қаладан жоғары әмірлер шын мәніндегі исламдық батыстың қаласына айналдырған Альхамбра өзінің құрамындағы барлық сарайларымен, тұрғын махаллаларымен, мешіттерімен, базарларымен, субұрқақтарымен, моншаларымен бірге асқақтап тұратын. Осы жерден сарайларды, бекініс мұнараларын, бақтардың саясына жасырынған ақ кірпішті қала сырты үйлерін және биік төбелердегі қалың ормандарды көруге болатын.
Әл-Андалустың құлдырауы
Ебін тауып одақ құрып, вассалдық міндеттемелерді қабылдаған Гранада әмірлерінің саясаты, тіпті ақсүйектер арасында мезгіл-мезгіл ылаң тұтанып отырғанның өзінде де Кастилия мен Арагон Тәжінің күштері біріккенге дейін жақсы нәтиже беріп келді. 1479 жылы Арагон билеушісі Фернандо мен Кастилия билеушісі Изабелланыңi
Испандардың аңызына сәйкес, Боабдиль жауға берілген Гранададан кетіп бара жатып, қаласына бір көз тастау үшін артына қараған кезде, оның билікке жетуіне көп үлес қосқан анасы Айша: «Еркек сияқты қорғай алмаған нәрсені әйел сияқты жоқтайсың» – деген екен.
Дегенмен тарихи шындық мынадай болатын: Гранада әмірлігі саяси түзілім ретінде Еуропадан діни және этникалық плюрализмімен бірге кетіп бара жатқан ортағасырлық басқару парадигмасына тұтастай әрі толық тиесілі еді. Унияның нәтижесінде пайда болған, католик дініндегі өршіл жас монархтар басқарған жас мемлекет Американы жаңадан ашып, болашақта әлемдік тарихтың жаңа парағын жазатын кемелерді тұрғызып та үлгерген болатын. Ұлттық католиктік мемлекеттің бір әулет басқаратын жүйесінде оңтүстіктегі шағын вассалға орын жоқ еді.
Сонымен қатар Гранаданың шығыс әлеміне тән ертегідей мол байлығы Константинопольдік күрескерлерді 1204i
Гранада әмірлігінің тәжірибесі көптеген ғасырлар бойы жабайы шөлдердің, алуан тілді кемежейлардың, шулы астаналардың, айбарлы бекіністер мен әкпен сыланған қала махаллаларының тұрғындарының әдет-ғұрпы мен қанын бойына сіңірген Андалусияда ғажайып жемісін берген еуропалық, солтүстік африкалық және шығыс елдері элементтерінің синтезімен ерекше қызықты...
1492 жылғы 6 қаңтарда католик корольдері Гранадаға салтанатты түрде кірді. Әрине, бұл христиан қаруының ең асқақ салтанаты еді. Түбектегі мұсылмандардың билігінің жолы біржолата кесілді де, біртіндеп естелікке айнала бастады. Гранада басып алынған күн көп ұзамай жалпы испандық мереке ретінде жарияланды, айта кету керек, бұл Испаниядағы «мемлекеттік» зайырлы мерекелердің тұңғыш үлгісі болатын. Маврларi
Ал адамдар ше? – деп сұрайсыз ғой сіз. Гранаданың әйгілі ер-тоқымымен, жібегімен және құмыраларымен сауда жасаған, бақтар мен жүзімдіктер өсіріп, тәтті кускус пісіріп, Гранаданың барлық жиырма алты қақпасын испанша Puerta сөзімен емес, арабша мәнерде, бірақ андалустың ерекше сөйлеу мәнерімен: Bib-al-Harma (Қызыл қақпа), Bib-al-Rambla (Құлақ қақпа), Bib-al-Difaf (Барабандар қақпасы) және т.с.с. атаған мұсылмандар не болды екен? Біз әңгімемізді мұсылмандық Еуропаның патшалар мен халифтардың заңдары бойынша емес, семсерлер мен уағыздардың ұшында емес, сан алуан толып жатқан адамдардың күнделікті өмірінде тіршілік еткенінен бастадық емес.
Бұл сұраққа жауап бере отырып, көптеген ақсүйек мұсылмандардың христиан корольдерінің қол астында өмір сүргісі келмегендіктен Гранададан кетіп қалғанын бірден айту керек. Алайда көпшілігі қалып қойды. Бұл жер олардың үйлері, олардың жері, әкелері мен аталарының үйлері мен жері еді. Бұл жерде олар өз үйінде болатын. Олардың тағдырының қалай қалыптасқаны, ислам бұл жерде саяси үстемдік етуші мәртебесінен айырылғаннан кейін мұсылмандық Еуропаның жолдарының қандай болғаны — біздің хикаямыздың келесі тарауы.
Әл-Андалустағы билік және қоғам
Мұсылмандар Еуропада тұрғызған сән-салтанатты әл-Андалусқа бұрылып көз салайық. Еуропалық орта ғасырдың інжу-маржаны. 8 ғасырдың ең басынан бастап 13 ғасырдың алғашқы онжылдықтарына дейін мұсылмандар Пиреней түбегінің басым бөлігін иеленді. Бірақ кейіннен, аймақтағы жетекші саяси орнынан айырылғанда да, олар бұрынғысынша елеулі әскери қарсылас ретіндегі, санаспауға болмайтын саяси күш ретіндегі мәртебесін сақтап қалды. Оларды басқалар мәдениеті жоғары, білімі терең және дана адамдар ретінде көретін. Түбекке мұсылмандар әкелген өмір салты, басқару жүйесі мен экономикалық саясат, білім беру ісі бұл жерде мүлде жаңа болатын және Таяу Шығыстың үлгілерін қайталайтын. Мұсылмандарға дейін осы жерде тұрған римдіктер де, вестготтар да ислам діні қалыптастырған әлеуметтік стратегияларды білмейтін.
Мұхаммед пайғамбардың заманынан бері иудейлер мен христиандардың «Кітап адамдары» деген ерекше мәртебені иеленгені белгілі, бұл оларға мұсылмандар төлемеген ерекше салық — джизьяны төлеу міндетін жүктеді, оны төлеу оларға дінін, заңын, қауымын сақтау құқығын қамтамасыз етті. Сондай-ақ, әл-Андалуста иудейлер мен христиандардың саяси мансапқа жету мүмкіндігі шектеулі болатын, бірақ қарапайым халық, яғни шаруалар, кәсіпшілер, саудагерлер үшін мұсылмандардың қол астындағы өмір вестгот режиміндегі өмірден әлдеқайда тартымды еді. Шын мәніне келгенде, түбекті мұсылмандардың тез жаулап алуының өзін де көбінесе салықтардан еңсесін көтере алмаған, құқық жағынан шектелген жергілікті халықтың, мысалы, құлдардың немесе иудейлердің қолдау көрсетуімен түсіндіруге болады.
Мұсылмандар салықтарды азайтуды және әлеуметтік сатымен көтерілуге мүмкіндік беруді уәде етуімен-ақ ислам дінін қабылдауға ынталандырды. Ислам дінін қабылдаған кез келген бұрынғы христиан немесе иудей саяси басқару ісіне қатысу, ал әрбір құл бостандық алу мүмкіндігіне ие болды. Меншігінде мол дүниесі бар көптеген вестгот әулеттері ислам дінін қабылдап, Вестгот монархиясының бұрынғы жерлерінде мұсылмандар орнатқан басқару жүйесіне кіріп, өз жерлерін сақтап қалды. Андалустың өмірбаяндық жинақтарында Севильядан шыққан Бану Саварико мен Бану Анхелино, Бану Каси, Бану Карломан, Бану Мартин және Бану Гарсия сияқты ақсүйек әулеттер аталады. 11 ғасырда өмір сүрген кордовалық атақты ақын, діни қайраткер әрі тарихшы Ибн Хазм да осындай отбасынан шыққан. Әйгілі испан-мұсылман тарихшысы Ибн әл-Кутируйа (жазушылық аты арабша «гот әйелдің ұлы» дегенді білдіреді) өзін соңғы вестгот королінің алдындағы король Витицаның немересі Сара ханшайымның ұрпағымын деп санаған.
Құлдарға келетін болсақ, негізінен, ислам дінінде құлдық көне дүниедегіден басқаша болды: құлдар үйдегі малайлардың санатына кіретін. Халифтардың жеке гвардиясы қара құлдардан құрылатын. II әл-Хакам мен әл-Мансур билік құрған кезде бір де бір жорық судандық бөлімшенің белсенді түрде қатысуынсыз өтпейтін еді. Қалаларда қара күңдердің саны еркек құлдардан да көп болатын, себебі олар үй шаруасында да, нақсүйер ретінде де өте жоғары бағаланатын.
Кордова халифатындағы сарай құлдарының, евнухтардың және басқа сарай адамдарының да шыққан тегі тек еуропалық болатын. Оларды «славяндар» дегенді білдіретін сакалиба сөзімен атаған. Іс жүзінде бұл атаумен әдетте Германиядан бастап славян елдеріне дейінгі құрлықтық Еуропадан әкелінген тұтқындар аталатын, кейін олар мұсылман жерлеріне және Византияға сатылатын. 10 ғасырда өмір сүрген шығыстық саяхатшы Ибн Хаукалдың айтуынша, Кордовадағы құлдар тек Қара теңіз жағалауынан ғана емес, сондай-ақ Калабрия, Ломбардия, франктік Септимания мен Галисиядан да шыққан. Олардың арасында әмірлер мен халифтардың сарайында үздік мансап сатысымен көтерілген, саяси және әскери дарыны мол көрнекті қайраткерлер де кездесетін. Құлдардың еркіндік алып, соңынан байып, өздері де құл ұстаған жайттары жиі кездесетін.
Халифат кезінде Гасконнан, Лангедоктан, испандық Маркаi
Гранаданың соңғы әмірі Әбу әл-Хасан Әли Гранадаға тұтқын ретінде апарылып, сарайға қызметші ретінде сатылған ақсүйек кастиль руының қызы Изабель де Солисті әйел қылып алды. Изабель ислам дінін қабылдап, Сорайа деген есімге ие болды да, өмірге екі ұл тауып берді. Гранада құлағаннан кейін ол Кордовада, содан кейін Севильяда тұрып, ислам діні орнаған жерлерге кетуден бас тартты, бірақ алғашқы кезде ислам дініне деген адалдығын сақтады. Ал мұсылмандарды шоқынуға мәжбүрлей бастағанда, ол христиан дініне қайта оралды, оның екі ұлы да шоқынды.
Әл-Андалустың саяси ықпалы мен өркениеттік тартымдылығын асыра бағалау қиын. Латындар немесе еуропалық христиандар бүкіл ортағасырлық дәуірде мұсылман әлеміне сөзсіз тартымды, экономикалық тұрғыдан аса қызықты дүние ретінде қарады, олар онымен бәсекелесті, онымен достасуға құмар болды, оның сән-салтанаты мен дегдар мәдениетіне тәнті болып, оған еліктеді.
Кордовада 9 ғасырда өмір сүрген, ақсүйек әрі әл-ауқатты отбасынан шыққан христиан Павел Альвар өзінің шығармаларында христиандық жастардың латынша бірнеше сөздің ғана басын құрай алатынын, оның есесіне араб тілінде өлең жазудан рақат табатынын айтып қынжылған. Түбектің солтүстігінде шығыстың киім-кешегінің элементтері, соның ішінде сәлделер де сәнге айналды.
Ақсүйек және билеуші христиандық отбасылар кордовалық халифтармен және тайфа әмірлерімен әулеттік некеге қуана-қуана отыратын. Мысалы, Наварра ханшайымы Оннека Кордованың болашақ әмірі Абдуллаһ Ибн Мұхаммедке күйеуге берілді. Оннеканың ислам дінін қабылдап, гаремде әмірдің зайыбы деген мәртебеге ие болуы әбден мүмкін. Араб дереккөздері оны Дурр деп атайды, бұл «інжу-маржан» дегенді білдіреді. Бұл неке солтүстіктегі құдыретті Иньигес руы мен аса көрнекті Омейадтардың арасындағы байланысты нығайтуға тиіс болатын. Кордовада Оннека екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді. Ұлы тақты мұраға алуға тиіс еді, бірақ астыртын қастандықтың құрбаны болды. Абдуллаһқа ажал сәті төнгенде, ол ұлдарының біреуін емес, өзі мен Оннеканың немересін мұрагер ретінде атады. Сол ұл бала әкесі қайтыс болғаннан кейін үш апта өткенде, баск ұлтынан шыққан христиан нақсүйер Музайнадан туған. Болашақ ұлы халиф ІІІ Абд ар-Рахман әжесі мен шешесінен ақ денені, көгілдір көз ашық жирен шашты мұраға алған, ол арабқа көбірек ұқсау үшін шашын бояп жүрген. Оның романсi
Ислам әлемінің ең шалғай әрі батыс бөлігі, тіпті провинция десе де болады: әл-Андалус — өзінің тарихында үнемі Меккеге бет бұрып, Сақараның ыстық лебіне оранып, солтүстіктің суық желдеріне қарылып жататын... Әл-Андалус адамзатқа мәдени біртұтастықтың таңғажайып тәжірибесін — өзінің мұсылмандық-еуропалық сәйкестігін сақтай отырып, өркениетаралық әрекеттестікке қабілетін тарту етті.